$ 448.15  483.46  4.86

Кәсіпқой бокс: Мейірім Нұрсұлтанов WBO атағын жеңіп алды

Жекпе-жек 5-ші раундта аяқталды.

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Мейірім Нұрсұлтанов (15-0, 8 КО) Ақтауда өткен бокс кешінде ресейлік Андрей Сироткинді жеңді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Мейірім Нұрсұлтанов Андрей Сироткинмен (19-1-1, 7 КО) орта салмақтағы бос тұрған WBO International атағы үшін жұдырықтасты. Кездесу 10 раундқа есептелген болатын. Алайда ресейлік боксшының қабағы жарылып, кездесуді әрі қарай жалғастыра алмауына байланысты жекпе-жек 5-ші раундта аяқталды.

Осылайша, Мейірім Нұрсұлтанов өзінің кәсіби бокстағы 16-шы жеңісіне қол жеткізді және WBO International атағын жеңіп алды. Мейірім әзірге жеңіліп көрген жоқ. Ал оның қарсыласы ресейлік боксшы кәсіби бокста екінші рет жеңілді.

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары