$ 494.87  520.65  4.91

Алматыда террористік қауіптің «қызғылт сары» деңгейі жойылатын болды

Арнайы және құқық қорғау органдары күшейтілген режимде жұмыс істей береді.

Алматының терроризмге қарсы күрес жөніндегі қалалық жедел штабы қаладағы жағдайдың тұрақтанғанын хабарлады.

"Штаб басшысының шешімімен қала аумағында 2022 жылдың 7 ақпанында сағат 00.00-ден бастап террористік қауіптіліктің жоғары "қызғылт сары" деңгейі жойылады", - делінген ақпаратта.

Арнайы және құқық қорғау органдары күшейтілген режимде жұмыс істей береді.

"Барлық қала тұрғынына түсіністік танытып, азаматтық жауапкершілік білдіргендері үшін алғыс айтамыз", - деп мәлімдеді терроризмге қарсы күрес жөніндегі Алматы қалалық жедел штабы.

Айта кетері, Нұр-Сұлтанда 27 қаңтардан бастап террористік қауіптің жоғары "қызғылт сары" деңгейі жойылды.

sputnik.kz

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары