$ 447.4  477.55  4.76

ДДСҰ: Шектеу шараларын алып тастауға әлі ерте

Өйткені кей елдерде вакциналау деңгейі төмен.

Өйткені кей елдерде вакциналау деңгейі төмен. 2020 жылдың көктемінде коронавирус өрши түскенде локдаун енгізудің өлім көрсеткішінің төмендеуіне әсері шамалы болды, деп хабарлайды «Хабар 24». 

Джон Хопкинс университеті сарапшыларының жүргізген зерттеу нәтижесі осындай. Олардың айтуынша, 2 жыл бұрын АҚШ пен Еуропада енгізілген локдаун нәтижесінде өлім көрсеткіші небәрі 0,2 процентке ғана төмендеген. Ал шараның экономикаға келтірген шығыны орасан зор. 

Алайда Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының өкілдері шектеу шараларын алып тастауға әлі ерте дейді. Өйткені кей елдерде вакциналау деңгейі төмен. 

Бірақ «шектеулер бизнеске ауыр соққы болды» дегенді алға тартқан Еуропадағы бірнеше мемлекет билігі оларды алып тастау шешімін қабылдады. Қатарында Ұлыбритания, Франция, Дания, Нидерланд бар. Мамандардың түсіндіруінше, басқа мутациялармен салыстырғанда, бұл елдерде ауыр жағдайдағы науқастар саны айтарлықтай аз. 

Ал Грузия «жасыл төлқұжаттан» бас тартты. Енді қоғамдық орындарға QR-кодсыз кіруге болады. 

"Омикрон штамы тез тарайды. Бірақ жеңіл өтеді. Бұл ретте әлемдік тәжірибені ескере отырып, мекемеаралық кеңес жасыл төлқұжатты алып тастау үшін шешім қабылдады. Алайда коронавирусты тіркеу жүйелердің барлығы күшінде қалады. Сондай-ақ шетелге шығатын азаматтар жасыл төлқұжатты пайдалана алады", - дейді Covid-19 дертімен күрес кеңесі жедел штабының басшысы Георгий Гибрадзе. 
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#коронавирус