07.02.2022, 14:40

Алматыдағы аялдамада қарияны таяқпен ұрған адам ұсталды

Фото: ашық дереккөз
Ұсталған азамат өзін ақтау үшін қарияның көлігіне зақым келтіргенін айтқан.

Алматы полициясы аялдама қарияны таяқпен ұрған көлік жүргізушісі ұсталғанын хабарлады. 

“Іс ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы бойынша соталды тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Тексеру шаралары барысында қарт адамды ұрып-соққан ер адам анықталып, ұсталды. Оның Алматы облысының 47 жастағы тұрғыны екені анықталды. Ұсталған азамат өзін ақтау үшін қарияның көлігіне зақым келтіргенін айтты", - деді Алматы қалалық Полиция департаменті бастығының орынбасары, полиция полковнигі Рустам Әбдірахманов.

Сондай-ақ, оқиғаның Алматы облысы аумағында болғаны белгілі болды. 

"Қылмыстық іс материалдары қосымша тергеу және шешім қабылдау үшін Қарасай аудандық полиция бөліміне, Алматы облысының полиция департаментіне жолданады", - деді Рустам Әбдірахманов.

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.