07.02.2022, 16:20

Мұрат Әйтеновтің «Самұрық-Қазынада» директор ағасы жайлы не білеміз?

ulysmedia.kz
Біреу білсе біреу біле бермейді Шымкент қаласының әкімі Мұрат - Әйтеновтер әулетінде «карьера» жасаған жалғыз адам емес. Туған ағасы Марат Әйтенов «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ АҚ-да қоғаммен және Үкіметпен байланыс жөніндегі Басқарушы директор.

«ДЕПҚАЛАШЫҚТА» ТҰРАТЫН ҮЛКЕН ӘЙТЕНОВ

Елде болып жатқан жаппай ауыс-түйістен соң, әкімдерге кезек қашан келеді деп тұрғындар алақандарын ысқылап отырғаны рас. Әзірге қақтығыстан ең зардап шеккен қала Алматы басшысы ғана ауысып үлгерді. Билікте болып жатқан өзгерістерден үмітті халық, әкімдерді ауыстыру үшін, петиция жазып жатқаны да белгілі. Қала тұрғындарын қайдам, әлжеліде ең көп аты аталатын әкімдердің бірі Мұрат Әйтенов. Біреу білсе біреу біле бермейді Мұрат - Әйтеновтер әулетінде «карьера» жасаған жалғыз адам емес. Туған ағасы Марат Әйтенов  «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ АҚ-да қоғаммен және Үкіметпен байланыс жөніндегі Басқарушы директор, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Қызмет жолына қарағанда Марат Әйтеновтің мамандығы заңгер сынды. Өмірбаянында Шымкенттегі «Мирас» университетін тәмамдағаны жазылған. Ол әкім  інісінен төрт жас үлкен. Содан соң, Бостонда және Мәскеуде білім алған. Жылдары белгісіз. Қызметі 2008 жылы өсе бастаған. Алдымен «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ атқарушы директоры, Заң департаментінің директоры болған. 2011 жылы «Қазақстанның Даму Банкі» акционерлік қоғамының Басқарма төрағасының орынбасары, Басқарушы директоры - Басқарма мүшесіне дейін өскен. Содан соң, «Астана» халықаралық қаржы орталығының әкімшілігі»  АҚ Басқарма төрағасының орынбасары, бірінші орынбасары болған. Былтырдан бері «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ АҚ қоғаммен және Үкіметпен байланыс жөніндегі басқарушы директоры.

Айтпақшы, үлкен Әйтенов астанада «Депутаттар қалашығы» деп аталатын ауданда тұрады. Қоршалған, күзет қызметі көліктерді тексеріп қана кіргізетін элиталық коттеджер аумағы. Үйлер бір стилде бой көтерген.

Фото: «Депутаттар қалашығында» сатылатын үйдің жарнамасы, Krisha.kz сайтынан

 

«Депутаттар қалашығында» баспана бағасы 350-400 млн теңге тұрады.

АУЫЛДА АУЛА МЕҢГЕРУШІСІ БОЛҒАН ӘЙТЕНОВ

Ел арасында Әйтеновті «президенттің поворы» болып қызметі өскен жігіт деп айтады. Сондағы 2006-2008 жылдары - Президенті Іс басқармасының «Астана – Өнім» АҚ шаруа ауласының меңгерушісі болып жұмыс істегенін меңзесе керек. Бұл мекеме ірі қара мал өсірумен, сүт өндірумен және өңдеумен, жылқы өсірумен айналысады. Астана маңындағы Жарлыкөл ауылында орналасқан. Ресми сайтында өнімдері сататындары жазылған. Оған қоса, астаналық элитаның ішіп-жейтін тағамы осы жерде дайындалса керек.

Скрин: «Астана – Өнім» АҚ ресми сайты

 

Қызмет жолын Жарлыкөлде бастаған Әйтенов,  Шымкент қаласына әкім болып барғанша осы Президент Іс басқарамасында түрлі қызметтер атқарған.

#ӘЙТЕНОВКЕТ

Шымкент тұрғындары қала әкімі – Мұрат Әйтеновтың қызметтен босатылыуын талап ететін петицияға қол қоюды бастап кетті. Қазіргі уақытты петицияға 500-ден астам тұрғын қол қойған.

«Біз Шымкент қаласының әкімі Әйтенов мырзаның тәртіпсіздіктер мен қиыншылықтар сынағынан өте алмағандығын аса зор наразылықпен атап өтеміз. Шымкент үшін ең қиын күндері қаланың әкімі көпшілікке арналған алаңнан жоғалып, өзінің орынбасары Шыңғыс Мұқанды халыққа шығарып салды, ал ол әлі күнге дейін қала тұрғындары алдында Наурыз-2021 мерекесін өткізуге жарты миллиард жұмсағаны үшін есеп бермеген және шымкенттіктер арасында өте күмәнді беделге ие.

Бүгін Әйтенов мырза лаңкестерге өзінің қаһармандық қарсылығы туралы айтуда, бірақ оған сенім жоқ. Еліміздің үшінші мегаполисіндегі биліктің сауатты және мінсіз өкілі ретіндегі халықтың сенімін әкім Әйтенов өзінің халыққа қарсы шешімдерімен баяғыда және біржола жойды», - деп жазылған құжатта.

Елде қаңтар қақтығысы кезінде қойылған талаптардың бірі әкімдердің сайлануы. Әрине билік петицияны елей ме жоқ па белгісіз. Әзірге, алматылықтардың талабы ғана орындалды. Жалпы, петиция Ақорда үшін, «керек емес» адамдардан құтылуға таптырмас мүмкіндік.

 

 ДЕТЕКТИВ ӘЙТЕНОВ

Айтпақшы, Әйтеновтердің неше айғайынды екені белгісіз. Кейбір деректерге қарағанда  астанада тағы бір Әйтенов бар. Ол «Бәйтерек күзет» ЖШС иесі -  Әйтенов Асқар Дүйсенбекұлы. Мекеме жайлы мәліметте: компания детектив қызметімен айналысатыны жазылған.

Скрин: интернеттен

P.S Қазақстанда бір отбасыдан бірнеше бастық шығатыны үйреншікті жағдайға айналғаны рас. «Ағайынды қоңыр қаздарды» тізіп шығатын болсақ, жеткілікті. Ерлан, Нұрлан Нығматулиндер, Марат, Руслан Бекетаевтар, Роман, Василий Склярлар. Бердібек, Нұрлыбек Сапарбаевтар тағысын тағылар.  

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.