$ 494.87  520.65  4.91

43 жыл бойы «еркек» болып жұмыс істеп келген әйелге үкімет сыйақы берді

Үкімет оған «Ғажайып ана» атты марапат тапсырған.

Мысыр тұрғыны Сиса Әбу Даух 43 жыл бойы өзінің әйел екенін жасырып, құрылыста жұмыс істеп келген, деп хабарлайды Nege.kz.

Күйеуі қайтыс болған соң ол 22 жасында құрсақтағы нәрестесімен бірнеше ай бойы ас-ауқатсыз қалыпты. Туыстары оны екінші рет тұрмысқа бермек болған. Бірақ жас әйел қарсылық танытып, қайта шаңырақ көтергісі келмеген.

Бала-шағасын асырау үшін Сиса әйел екенін жасырып, ерлерше киініп, құрылысшы болуға бел буыпты. Кірпіш, цемент тасып, қара жұмыстан қорықпаған.

Ол 43 үш жыл бойы оның әйел екенін әріптестері мүлде бейхабар болып келген. Құпиясы ашылып қалған кезде мысырлық әйел туған қаласынан көшіп кетуге де мәжбүр болыпты.

Биыл Мысыр үкіметі оған «Ғажайып ана» атты марапат тапсырған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары