07.02.2022, 16:40

Ауыр атлет Денис Ұланов Мәдениет және спорт министрлігін сотқа берді

orda.kz
Рио-де-Жанейродағы Олимпиаданың қола жүлдегері Денис Ұланов ақшалай сыйақы үшін Мәдениет және спорт министрлігін сотқа берді.

2016 жылы ауыр атлет Денис Ұланов Рио-де-Жанейрода өткен Олимпиадада төртінші орын алды. Кейін үшінші орын алған спортшы допингке байланысты жарыстан шеттетіліп, «қола» автоматты түрде қазақстандыққа берілді.

Қазақстан Олимпиаданың қола жүлдегерлеріне 75 мың доллар төлеуге міндеттелді. Төртінші орын үшін Улановқа 30 000 доллар төленді. Бірақ спортшы дене шынықтыру және спорт туралы заңға өзгерістер енгізілген 2019 жылы емес, 2018 жылы ресми түрде медаль алғанына байланысты қалған 45 000 долларды ала алмады, деп хабарлайды orda.kz. Бұл заңда халықаралық жарыстарда жоғары ұпай алған спортшылар төлем сомасын қайта қарауы керектігі айтылған.

Ауыр атлет Денис Ұланов Мәдениет және спорт министрлігін сотқа берді.

«Соттан ҚР Мәдениет және спорт министрлігінен үшінші орын алған ХХХІ Жазғы Олимпиада ойындарының жеңімпазы ретінде Ұланов Денис Александровичке ақшалай ынталандыру төлемдерінің мөлшерін қайта қарауға қатысты қолайлы әкімшілік актіні қабылдауды сұраймын» делінген арызда.

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.