"Мен айдаған бэнтли бар емес пе еді? Сомен жол апатына түсіп қалдым. Алла сақтап, дін аманбыз", - деп бөлісті Әуелбекова.
Сорақысы сол, бұл көлікті сыйлаған әншінің экс-күйеуі апаттан кейін оны тартып алған. Ол аздай, жөндеуіне қомақты қаржы талап етуде.
"Бұл бэнтлиді маған сыйлаған еді. Енді, осы дтп үшін сол сыйлаған адам алып қойып, еще бамперін жөндетуге 5 млн теңге ақша талап етіп отыр. Ужас! Біреуге жан қайғы, біреуге мал қайғы деген осы екен", - деді Мөлдір.
Әнші мұны экс-күйеуі жасағанын растады.
"Өзіңе сен, өзіңді алып шығар, еңбегің мен ақылың екі жақтап" деген ұғым тағы бір дәлелденді.
Бала-шағам аман болсын. Қалғанын өзім жасап жүрмін, жасаймын да! Алла күнімізді біреуге қаратпасын!" - деді Әуелбекова.