$ 494.87  520.65  4.91

Олимпиада-2022: Жаңа рекордтар орнатылды

Америкалық мәнерлеп сырғанаушы Нейтан Чен Бейжің Олимпиадасындағы қысқа бағдарламада жаңа әлемдік рекорд орнатты.
ichef.bbci.co.uk
ichef.bbci.co.uk

Америкалық мәнерлеп сырғанаушы Нейтан Чен Бейжің Олимпиадасындағы қысқа бағдарламада жаңа әлемдік рекорд орнатты. Спортшы бұл бағдарламада 113,97 ұпай жинаған. Бұған дейінгі рекордты 2020 жылы өткен төрт құрлық турнирінде жапондық мәнерлеп сырғанаушы Юдзуру Ханю (111,82 ұпай) орнатқан болатын. Бұл туралы ҚазАқпарат BBC ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Енді 10 ақпанда Нейтан Чен еркін бағдарламасын көрсетеді.

Қысқы Олимпиадада тағы бір рекордты ерлер арасында 1500 метрге жүгіруден голандық Кьельд Нуис орнатып, тағы бір мәрте чемпиондық атағын сақтап қалды.

Нуиз бұл қашықтықты бір минут 43,21 секундта бағындырып, Олимпиада рекордын жаңартты.

«Сене алар емеспін. Бұл менің арманым болған, бірақ төрт жыл бұрынғыдай сенімді емес едім», - деді ол тілшілерге.

Кьельд Нуис - 28 жыл ішінде ерлер арасында 1500 метрге жүгіруден Олимпиаданың барлық титулдарын жеңіп алған алғашқы, ал тарихтағы төртінші спортшы.

Еске салсақ, Олимпиада ойындарының төртінші күнгі қорытындысы бойынша Швеция 3 алтын медальмен көш бастап келеді.

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары