$ 444.32  473.33  4.76

Биыл елімізде Калашников автоматтары шығарылады

Биыл Қазақстанда Airbus әуе кемелеріне қызмет көрсету орталығы іске қосылады.
Фото: ашық дереккөзден
Фото: ашық дереккөзден

2022 жылы Қазақстанда Airbus ұшақтарына техникалық қызмет көрсету және Калашников автоматтарын шығару бойынша сервистік орталықты іске қосу жоспарлануда, деп хабарлайды inbusiness.kz.

«Биыл Қазақстанда Airbus әуе кемелеріне қызмет көрсету орталығы іске қосылады. Сонымен қатар, Көкшетауда 2015 жылғы үлгідегі Калашников автоматтарын шығаруды бастау жоспарланған», – деп жазылған хабарламада.

ИИДМ мәліметтері бойынша, 2022 жылы отандық қорғаныс кәсіпорындары келесі жобаларды жүзеге асыруды жоспарлап отыр:  

- «№405 Авиажөндеу зауыты» АҚ базасында Ми-171Ш тікұшақтарын құрастыру;

- «Қазақстан авиациалық индустрия» ЖШС базасында Airbus әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету бойынша сервистік орталық құру;  

-«Петропавл ауыр машина жасау зауыты» АҚ базасында Мемлекеттік шекараны қорғау техникалық құралдарын өндіру;  

- «Тыныс» АҚ, «Алма ДК» ЖШС және «Милитарм» базасында радиациялық және химиялық қорғаныс құралдарын өндіру;  

- «Семей инжиниринг» АҚ базасында броньды машиналарды жаңғырту;  

- «Stelmanufacturing» ЖШС базасында автоматты оқ-дәрілер шығару;  

- «Қазақстан Парамаунт Инжиниринг» ЖШС базасында «Барыс 8х8» броньды машиналарын шығару;  

- «Тыныс» АҚ базасында АК-12 және АК-15 автоматтарын шығару.

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары