$ 494.87  520.65  4.91

Жаңаөзендік жұмысшылардың жалақысы көтерілетін болды

Т.Есентүгелов өз үндеуінде жұмысшылардың көтерген мәселесі алдағы уақытта қаралатынын тілге тиек етті.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

«МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» қызметкерлерінің еңбекақы көлемі 30%-ға артатын болды. Бұл туралы «МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС бас директоры Т. Есентүгелов өз үндеуінде мәлімдеді, деп хабарлайды mangystaumedia.kz. 

Сонымен қатар ол кейбір айтулы мерекелерге сыйлықақы төлеу сұрақтары шешімін тапқанын айтты. Т.Есентүгелов өз үндеуінде жұмысшылардың көтерген мәселесі алдағы уақытта қаралатынын тілге тиек етті.

"Соңғы 2 күн «МАЭК-Казатомөнеркәсіп» ЖШС үшін оңай болған жоқ. Өндіріс саласындағы жұмысшылар тарапынан айтылған жылдар бойы қордаланған проблемалық мәселелерді бір күнде шешу мүмкін емес. Осыған орай алдағы уақытта осы мәселелерді толықтай шешу бағытындағы жұмыстар ҚР Энергетика министрлігі, Маңғыстау облысының әкімдігімен бірлесе отырып шешілетін болады.", - деді ол.

Сондай-ақ, үндеуде кәсіпорын басшылығы барлық қызметкерлерге өз жұмыс орнына оралуды ұсынады.

"Уәде етілгендей, ешкім өз талаптары үшін қудаланбайды. Бұдан басқа, мұндай қолайсыз қатынастарды болдырмау үшін басшылық пен өндірістік персонал арасында тұрақты тікелей байланыс орнату жоспарлануда", - деді Т. Есентүгелов.

Еске сала кетейік, жақында «МАЭК-Казатомөнеркәсіп» ЖШС қызметкерлері еңбекақыны 100% арттыру, мемлекеттік мерекелерге сыйлықақы тағайындау және тағы басқа еңбек жағдайларын жақсарту мәселелері бойынша митингке шығып, жұмысты тоқтатқан болатын. 

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары