09.02.2022, 15:20

Кәрім Мәсімовтың орнына жаңа басшы тағайындалды

orda.kz
Жаңа сайланған төраға еркін күрекстен спорт шебері.

Qazaq kuresi ұлттық күрес қауымдастығының жаңа президенті болып Самат Ерғалиев тағайындалды. Құрылтайшылар мәдениет және спорт министрлігі спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы жақсы төраға болатынына сенім білдіріп, бір ауыздан сайлау жүргізді, деп жазады orda.kz.

Айта кетсек, Самат Ерғалиев – еркін күрестен спорт шебері. Оның «Ерен еңбегі үшін» медалі, «Дене шынықтыру және спорт саласын дамытуға қосқан үлесі үшін» төсбелгісімен, «Ұлттық спортты дамытуға қосқан үлесі үшін» Мемлекет басшысының алғыс хаттары бар.

Qazaq kuresi қауымдастығы 2020 жылы қаңтарда құрылды. Оның құрамында Республикалық қазақ күресі федерациясы, Қазақ күресі халықаралық федерациясы, Дүниежүзілік қазақ күресі федерациясы бар.

Қауымдастықтың мақсаты – ұлттық спорт түрін республикалық және халықаралық аренада дамытып, Олимпиада бағдарламасына енгізу.

Еске салсақ, бұған дейін оны бұрынғы ҰҚК төрағасы Кәрім Мәсімов басқарған.

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.