Алматының бұған дейінгі әкімдері қала тұрғындарының кейбір өтініштерін мүлдем қаперге алмаған.
2020-2021 жылдар аралығында облыс әкімі Бақытжан Сағынтаевтың басқаруымен eGov Open Dialogue порталы арқылы 4,4 мың сұраныс жіберілген. Оның ішінде әкімдік 42%-ға ғана жауап берсе, қалған 58%-ы қараусыз қалдырылды – бұл 2,5 мың өтініш, деп хабарлайды Ranking.kz.
Сонымен қатар, Қазақстанның басқа өңірлерінде осы кезеңде жауап тапқан өтініштердің үлесі 97 пайыздан асады.
Әкім Бауыржан Байбек тұсында жауап алған өтініштер саны 85,5 пайызға жетті.
Әкімдіктің кері байланысы белсенді лік танытпаған еді. Сонымен қатар, зерттеушілер жауаптардың сапасының төмендігін де атап өтеді. 2020-2021 жылдар аралығында азаматтардың әкімдіктен алған жауаптарының 44,4%-ы қала тұрғындарын қанағаттандырмаған.
Жауапсыз қалған өтініштердің үлесі әлеуметтік және қоғамдық сипатта болған. Өтініштердің ШОБ мәселелері бойынша 47%-ы , әлеуметтік қамсыздандыру бойынша – 62,7%-ы, мемлекеттік органдар жұмысы бойынша – 63,1%-ы, құрылыс және тұрғын үй мәселелері бойынша – 63,5%-ы жауапсыз қалған.
Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын Instagram, Telеgram, facebook, twitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.