Павлодарда мұнай-химия зауытының директоры ұсталды. Оспанбек Әлсейітовке сеніп тапсырылған мүлікті талан-таражға салды деп айып тағыды, деп хабарлайды Кtk.kz
Бірақ жақындары оған жазықсыз жала жабылғанына сенімді. Әлсейітовтің ұлы тергеушілердің қолында әкесінің кінәлі екенін дәлелдейтін айғақ жоқ екенін, оған қарсы қылмыстық іс ойдан шығарылғанын мәлімдеді. Бұл қызметке 2017 жылдың 22 желтоқсанында тағайындалғанына қарамастан, оны 2018 жылдың 3 қаңтарында қоспаларды жеткізу келісімшартына қол қойған деп айыптап отыр екен. Ұлының айтуынша, бұл құжаттар Оспанбек Әлсейітов "Қазмұнайгазда" жұмыс істеген кезде қабылданған.
“Ақпанның 7-і күні әкемді ақша жымқырды деген күдікпен ұстап, ал кеше 8-і күні айғақсыз екі айға қамауға алды. Біз мұндай заңсыздықты бұрын-соңды көрген емеспіз. Біз тағылған айыптың барлық дәлелдерін келтірдік. Бірақ ‘кономикалық тергеу басқармасының тергеушісі Асылхан Асан оларды елемейді. Менің әкем адал және ол тағылған айыптарды ешқашан істеген емес. Сізден барлық қажет шараларды тез арада қабылдап, әкемнің абыройын қалпына келтіруіңізді сұраймын!” – дейді Әлсейітовтың ұлы Сұлтан Оспанбек.
Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын Instagram, Telеgram, facebook, twitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.