$ 494.87  520.65  4.91

Алтын алған спортшыға 250 мың доллар беріледі

Жүлдегерлерге жоғары сыйақы беретін елдерден Қазақстан көш бастап тұр.

Бейжің олимпиадасында топ жарғандарға әр елдің тағайындаған сыйақы мөлшерлері белгілі болды. Тізімде Қазақстан көш бастап тұр, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Бізде алтын алған спортшыға 250 мың, ал күміс пен қолаға, сәйкесінше 150 және 75 мың доллардан беріледі. Тіпті 4-ші, 5-ші және 6-шы сатыға тұрақтағандарға да сыйақы қарастырылған. Мәселен, шорт-трек шеберлері аралас эстафетатада 5-ші орын алған еді. Соған сәйкес, Абзал Әжіғалиев, Денис Никиша, Ольга Тихонова және  Яна Хан 10 мың доллардан алады.

Жалпы тізімде Қақстаннан кейін Әзібайжан тұр. Онда чемпионға 248 мың доллар беріледі екен. Көрші Ресейдегі көрсеткіш 61 мың, АҚШ-та 37, Германияда 22, Канадада 16 мың долларды құрайды. Айта кетейік, бүгінге дейін жерлестеріміз жүлдеге іліккен жоқ. Ал Бейжіңдегі ойындардың өзі 20 ақпанға дейін жалғасады.  

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары