$ 446.49  475.38  4.79

Қазақстан мен Ресей вакцинация сертификаттарын тану тәртібін келісті

Бұл туралы Ресей СІМ ТМД елдері бойынша департаментінің директоры Александр Стерник мәлімдеді.
Фото: Tengrinews.kz
Фото: Tengrinews.kz

Ресей мен Қазақстанның денсаулық сақтау министрліктері COVID-19-ға қарсы вакцинация сертификаттарын тану тәртібі туралы келісті. Бұл туралы Ресей СІМ ТМД елдері бойынша департаментінің директоры Александр Стерник мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz

"Қолданыстағы саяси шешімнің негізінде Ресей мен Қазақстанның денсаулық сақтау министрліктері вакцинация сертификаттарын тану тәртібін келісті. Жеке деректерді, медициналық құпияны және т.б. ақпаратты қорғауды қамтамасыз ету мақсатында цифрлық агенттіктер жұмысқа қосылды", - деді ол. Стерник агенттікке берген сұхбатында айтты.

Дипломат 2021 жылдың соңында Қарағандыда ресейлік "Спутник V" вакцинасының өндірісі басталғанын және вакцинаны зерттеудің оң нәтижелері алынғанын атап өтті.

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары