Ақын, қоғам қайраткері Ауыт Мұқибек өзінің Facebook-тегі парақшасында тіл мәселесіне қатысты жазба қалдырды.
Ресейдің Қазақстандағы елшісі Алексей Бородавкин «Орыс тілін білмейтін қазақстандықтардың дені – басқа мемлекеттерден қоныс аударғандар, яғни қандастар. Бұл олардың заманауи қазақстандық қоғамға тез сіңісуіне кедергі келтіреді, бұл ел билігі үшін айтарлықтай проблемалар туғызады», - депті.
Қазақстанда тіл проблемасы бар болса, оны тудырып отырған қандастар емес, осындағы орыс тілділер екені анық.
Орысша білетіндер болса, Бородавкинге айтып қойыңыздаршы, Ресей мен Қытайдың империялық өктемдігінің кесірінен шекара сыртында қалып қойған қазақтардың бір мақсаты – тарихи Отанына оралу болса, екінші мақсаты – Қазақстандағы ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ мәртебесін өз орнына қою!
Егер, Путин, орыс тілі шеттен келген қазақтардың заманауи қазақстандық қоғамға тез сіңісуіне кедергі келтіреді деп жаны ашыса, осындағы орыс дияспорасына Қазақстаннан ҚАЗАҚ ТІЛІН үйрететін орталықтар ашып берсін! Тіл мәселесін шешудің ең ұтымды жолы – осы!
Ауыт Мұқибектің facebook парақшасынан
Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын Instagram, Telеgram, facebook, twitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.