Жаңалықтар 10.02.2022 сағат 18:00

Шымкентте ағаштардың қарын түсіруге 600 млн теңге бөлінгені рас па?

Әлеуметтік желілерде Шымкентте ағаштардың қарын сілкіп түсіруге бюджеттен 600 миллион теңге қаржы бөлінгені туралы ақпарат тарады.
Шымкентте ағаштардың қарын түсіруге 600 млн теңге бөлінгені рас па?
Фото: ашық дереккөз
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Әлеуметтік желілерде Шымкентте ағаштардың қарын сілкіп түсіруге бюджеттен 600 миллион теңге қаржы бөлінгені туралы ақпарат тарады. Осыған байланысты қала әкімінің орынбасары Ерғали Білісбеков ақпараттық-коммуникациялар орталығында брифинг өткізді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz 

Білісбеков Шымкент қаласының 2022-2024 жылдарға арналған бюджеті Қазақстан Республикасының тиісті заңдарында көрсетілген талаптарға сәйкес қалыптастырылатынын және қаланың жасыл желектерін күтіп ұстау, жаңа ағаштар отырғызу, мерзімдік дәрілеу, суару, бұтау, ақтау және қардан тазарту секілді бірнеше жұмысты қамтитынын жеткізді. Сондай-ақ, осы жұмыстарды атқаратын азаматтардың еңбекақысы, сол жұмысқа пайдаланылатын көлік пен арнайы техниканың жанар-жағармайы мен өзге де шығындары кіретінін айтты.

«Шымкент қаласының территориясы 116 мың гектарды алып жатыр. Қазіргі уақытта қала аумағында 6 миллионнан астам түп ағаш бар. Бұдан бөлек, қала аумағында 8 саябақ пен 39 гүлзар бар. Ал, мақалада көрсетілген қарды сілкіп түсіру жұмыстары жалпы жасыл желекті күтіп ұстау жұмыстарының көптеген бағыттарының бір тармағы ғана. Яғни, мұндай жұмыстар қауіпсіздік мақсатында адамдар жиі жүретін көпшілік орындардағы 66 220 түп ағашта жүргізіледі деп жоспарланып, қаржылық сметалық шығындары 891,4 мың теңге (600 миллион емес) қаралған», – деді әкімнің орынбасары. 

Ал, егер қыс мезгілінде қар жаумаған жағдайда бұл қаржы толықтай бюджетке кері қайтарылады. Қала әкімінің орынбасары желіде таралған ақпарат шындыққа жанаспайтынын айтып, БАҚ өкілдерінен ресми және шынайы ақпаратты таратуға шақырды.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар