$ 444.32  473.33  4.76

Прокуратура қырғыз музыканты Викрам Рузахуновтың ұсталуына қатысты пікір білдірді

Мемлекеттік телеарна эфирінде 9 қаңтарда видео көрсетілген еді. Онда ер адам Қырғызстан азаматы екенін және оған Алматыдағы митингке қатысқаны үшін 90 мың теңге ұсынылғанын айтты.
tengrinews.kz
tengrinews.kz

Алматы облысы Қарасай аудандық прокуратурасының қызметкері Қырғызстан азаматы Викрам Рузахуновтың ұсталуына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Прокуратура өкілі 7 қаңтарда Алматы облысы Жамбыл ауданы аумағында Алматы-Бішкек тасжолында жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде Тарғап кенті маңында, ҰҚК Шекара қызметінің арнайы күштерінің стационарлық бекетінде көліктер тексерілгенін айтты. Осы жұмыс барысында "тексеруді қажет еткен бірқатар адам, оның ішінде Қырғыз Республикасының азаматы Рузахунов Викрам болған".

"Ол дене жарақатына байланысты Қарасай ауданының арнайы қабылдау бөліміне жеткізілді. Дене жарақаттарының себебін анықтау мүмкін болмаған. Рузахуновты ұстаған кезде көлікте қару табылмағанын айта кеткен жөн", - деп түсіндірді прокуратура қызметкері.

Прокуратура мәліметінше, Алматы полиция департаменті қызметкерлері Рузахуновты бірінші болып тергеген.

"Рузахуновты тергеу барысында Алматы аумағындағы тәртіпсіздіктерге қатыспағаны анықталды. Сондықтан ол босатылды", - деді ведомство өкілі.

Прокуратура өкілі жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезеңінде ҰҚК Шекара қызметінің арнайы күштері Қырғызстанның бес азаматын ұстағанын, айғақтар тексерілгеннен кейін барлығы босатылғанын түсіндірді.

"Депортацияланғандар болған жоқ. Айтылған азаматтар көші-қон заңнамасын бұзбаған", - деп толықтырды прокуратура өкілі.

 

Мемлекеттік телеарна эфирінде 9 қаңтарда видео көрсетілген еді. Онда ер адам Қырғызстан азаматы екенін және оған Алматыдағы митингке қатысқаны үшін 90 мың теңге ұсынылғанын айтты.

Кейін ұсталған адам белгілі қырғыз музыканты Викрам Рузахунов екені белгілі болды. Ол бұл әрекетке бостандыққа шыққысы келгендіктен келіскенін мәлімдеді. Рузахунов БАҚ-та жариялаған ақпараттардан кейін босатылып, Қырғызстанға жеткізілді.

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары