Қарағанды облысында бірқатар жолдар жабылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
13 ақпан күні Қарағанды облысының солтүстігінде, солтүстік-шығысында, орталығында және оңтүстік-шығысында қалың қар жауып, жел күшейіп, боран соғып тұр. Осыған байланысты сағат 14:30-дан бастап республикалық маңызы бар бірқатар жолдардың учаскелерінде көліктің барлық түрлеріне қозғалыс жабылды.
Олар: «Қызылорда – Павлодар» (Қарағанды – Павлодар облысының шекарасы); «Екатеринбург – Алматы» (Қарағанды – Ақмола облысының шекарасы, Қарағанды – Ақсу-Аюлы ауылы және Қарағанды қаласының Солтүстік-Шығыс айналма жолының учаскесі).
Төтенше жағдайлар департаментінің күш-құралдары адамдарды құтқару үшін екі мәрте жолға шықты. Нәтижесінде 4 адам құтқарылып, 2 автокөлік тазартылған аумаққа сүйретіліп шығарылды.
Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын Instagram, Telеgram, facebook, twitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.