$ 494.87  520.65  4.91

«Сергек» камералары енді жаяу жүргіншілерді де аңдитын болды

Полиция 2021 жылы қаланың жаяу жүргіншілер өткелінде 98 жол-көлік оқиғасы орын алғанын атап өтті.

Елордада «Сергек» камералары жол қозғалысы ережелерін бұзудың тағы бір түрін тіркей бастады, деп хабарлайды Нұр-сұлтан қаласының ПД баспасөз қызметі.

«Нұр-Сұлтандағы 26 реттелетін жаяу жүргіншілер өткелінде «бағдаршамның тыйым салатын сигналына өту» ересін бұзғандарды анықтау бойынша «Сергек» камераларының қосымша функциясы әзірленіп, енгізілді. Бұл жаңашылдық «Жолдардағы балалардың қауіпсіздігі» жедел алдын алу іс-шарасы аясында енгізілді», – делінген ақпаратта.

Полиция 2021 жылы қаланың жаяу жүргіншілер өткелінде 98 жол-көлік оқиғасы орын алғанын атап өтті. Жаяу жүргіншілерді реттелетін өткелде 38 мәрте және реттелмейтін өткелде 60 мәрте көлік қағып кеткен.

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары