14.02.2022, 13:00

Сұйытылған газбен айналысатын тағы бір компанияға қатысты қылмыстық іс қозғалды

Фото: ашық дереккөзден
Соның салдарынан көрсетілген кезең аралығында тауардың тоннасы 323,8 пайызға дейін өсті.

Алматы қаласының прокуратурасы оңтүстік өңірде сұйытылған мұнай газын сатумен айналысып келген «Petrosun» ЖШС-ға қатысты қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды Zakon.kz.

2021 жылдың қыркүйегінен желтоқсанына дейін «Petrosun» ЖШС жағдайды асыра пайдаланып, автогаз бағасының шекті деңгейін ай сайын көтеріп отырған. Соның салдарынан көрсетілген кезең аралығында тауардың тоннасы 323,8 пайызға дейін өсті.

Прокуратураның мәлімдеуінше, компанияның үстінен ҚР Қылмыстық кодексінің 221-бабының 2-бөлігі (монополиялық қызметті теріс пайдалану) бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Сотқа дейінгі тергеу Алматы қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаментіне тапсырылды.

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.