$ 494.87  520.65  4.91

Павлодар облысында жантүршігерлік жол апаты болды: бір адам қаза тауып, жетеуі зардап шекті

Қазір дәрігерлер жансақтау бөліміне түскен үш зардап шегушіні аман алып қалуға бар күшін салып жатыр. Үш науқастың да миы шайқалған және басқа да ауыр жарақаттар алған.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Павлодар облысында жол апатынан бір адам қаза тауып, тағы жеті адам жарақат алды. Зардап шеккен үш адам жансақтау бөлімінде жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Павлодар облысы ПД мәліметінше, 13 ақпанда сағат 16.20-да Ленинский - Ертіс - Русская Поляна тасжолында, Өтес ауылынан төрт шақырым жерде жантүршігерлік жол апаты болды.

"Audi 100 көлігінің 35 жастағы жүргізушісі жылдамдықты асырып, Toyota Camri 20 көлігіне соқтығысты. Оқиға салдарынан Audi 100 көлігінің 26 жастағы жолаушысы оқиға орнында қаза болды. Осы көліктің жүргізушісі мен 2013 жылы туған жолаушы, сондай-ақ Toyota Camri көлігінің 24 жастағы жүргізушісі мен 4 жолаушы түрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізілді", - деді Павлодар облысы Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Жасқайрат Қайыров.

Полицейлердің мәліметінше, көліктер мамандандырылған айып тұрағына қойылған. Бұл факт бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Қазір дәрігерлер жансақтау бөліміне түскен үш зардап шегушіні аман алып қалуға бар күшін салып жатыр. Үш науқастың да миы шайқалған және басқа да ауыр жарақаттар алған.

 

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары