$ 441.66  475.14  4.86

Бейжің-2022: Ақмаржан Қалмұрзаева Бейжің Олимпиадасының финалына шықты

Қазақстандық Ақмаржан Қалмұрзаева екінші іріктеу кезеңінде үздік 12 спортшы бақ сынайтын финалдық кезеңге жолдама алды.
Фото: inform.kz
Фото: inform.kz

Қытай астанасы Бейжің қаласында өтіп жатқан Ақ Олимпиада ойындарында бүгін Фристайл-акробатикасынан Ақмаржан Қалмұрзаева финалға өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазақстандық Ақмаржан Қалмұрзаева екінші іріктеу кезеңінде үздік 12 спортшы бақ сынайтын финалдық кезеңге жолдама алды.

Ақмаржан іріктеу кезеңінде 98.68 ұпай жинап көш бастады.

Өкінішке қарай, команда үздігі Жанбота Алдабергенова екінші іріктеу кезеңінен финалдық сынға өте алмай қалды.

Алдабергенова алғашқы іріктеу сынында 80,56 ұпай жинаған болатын.

Өкінішке қарай екінші мүмкіндігінде 68,26 көрсеткішімен финалистер қатарына енбей қалды. Финалдық кезең Нұр-Сұлтан уақытымен 17:00-де басталады.

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары