$ 494.87  520.65  4.91

Ауруханада жарты жыл жатқан 2 жасар бүлдіршін балалар үйіне ауыстырылды

Бүлдіршін №2 қалалық клиникалық балалар ауруханасынан сол қаладағы балалар үйінің біріне ауыстырылған.
Фото: ашық дерекөз
Фото: ашық дерекөз

Алматы қаласы Білім басқармасының қорғаншылық орган өкілдері ауруханада жатқан 2 жасар баланың қазіргі жағдайы туралы айтты деп жазды turkystan.kz.

Білім басқармасының қорғаншылық және қамқоршылық бөлімінің басшысы Жанна Таированың айтуынша, бүлдіршін №2 қалалық клиникалық балалар ауруханасынан сол қаладағы балалар үйінің біріне ауыстырылған.

«Жарты жылға жуық дәрігерлер мен медбикелердің қарауында болған балақай балалар үйіне тапсырылды. Оның дені сау. Әкесі болуы мүмкін деген азамат сотқа арызданды. Қазір сот шешімін күтіп отырмыз», – деп мәлімдеді Жанна Таирова.

Былтыр қыркүйектен бастап Алматы ауруханаларының бірінде жатқан баланы ата-анасы алып кетпеген.

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары