$ 443.85  474.3  4.8

Түркістан облысында ауыл мектебінің аумағында болған жарылыстан бір адам көз жұмды

Жарылыс салдарынан 1963 жылы туған от жағушы оқиға орнында көз жұмды.
Фото: Түркістан облысы ТЖД баспасөз қызметі
Фото: Түркістан облысы ТЖД баспасөз қызметі

Түркістан облысы Сайрам ауданындағы Құрманғазы атындағы орта мектептің қазандығында жарылыс болды, деп хабарлайды Zakon.kz

«15 ақпан сағат 08:05-те Сайрам ауданындағы (Қайнар бұлақ ауылдық округі, Ошақты елді мекені, Рысқұлов көшесі, 19 а) Құрманғазы атындағы орта мектептің аумағында жеке тұрған қазандықта бу жіберетін қазан жарылып, 20 шаршы метр болатын шатыр қирады».Түркістан облысы ТЖД баспасөз қызметі

Ведомство өртке қарсы қызмет шақырылмағанын атап өтті.

«Жарылыс салдарынан 1963 жылы туған от жағушы оқиға орнында көз жұмды».Түркістан облысы ТЖД баспасөз қызметі

Оқиға орнында төтенше жағдайлар департаментінің 7 қызметкері мен екі техникасы, полиция департаментінің сегіз қызметкері мен екі техникасы жұмыс істеді.

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары