$ 449.58  486.94  4.86

«Тоқаев Украина төңірегіндегі жағдайды жіті бақылап отыр» - баспасөз хатшысы

Бұл мәселе Тоқаев пен Владимир Путин кездесуінде де талқыланған.
Фото: Tengrinews.kz
Фото: Tengrinews.kz

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Украина төңірегіндегі жағдайды жіті бақылап отыр. Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz 

"Әрине, Президент Украина төңірегіндегі жағдайды жіті бақылап отыр. Бұл мәселе Владимир Путинмен кездесуде талқыланды. Президент келіссөз қорытындысы бойынша жақсы ұрыстан жаман тыныштық артық екенін айтты. Басқаша айтқанда, ымыраға келу үшін нәтижелі дипломатиялық келіссөздердің жалғасуын жақтайды. Президенттің айтуынша, еуразиялық қауіпсіздіктің бөлінбеушілік қағидатын ұстанған жөн, оның үстіне бұл қағидат 2010 жылы қабылданған ЕҚЫҰ-ның Астана декларациясы мәтініне де енгізілген", - деді Берік Уәли Tengrinews.kz тілшісінің сұрағына жауап беріп.

Еске салайық, 10-11 ақпанда Қазақстан Президенті Мәскеу мен Қазан қалаларына жұмыс сапарымен барды. Кремльде Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинмен келіссөз жүргізді. 

Екі ел өкілдері цифрландыру, ғарыш қызметін дамыту, ғарыш саласындағы кадрларды даярлау салаларындағы ынтымақтастық туралы 11 құжатқа қол қойды. 

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары