16.02.2022, 09:40

Бас прокуратура қаралы қаңтарға қатысты жасырын хабарлайтын сайтты іске қосты

Фото: Tengrinews.kz
Азаматтар stopterrorism.kz сайтына биыл болған басқыншылық әрекеттер мен жаппай тәртіпсіздік туралы видео, фото және аудиожазбаларды жасырын түрде жүктей алады.

Бас прокуратура Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен бірлесіп stopterrorism.kz  веб-сайтты іске қосты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпараттық порталы  gov.kz сайтына сілтеме жасап. 

Бұл сайтта азаматтар ағымдағы жылы орын алған террорлық актілер мен жаппай тәртіпсіздіктер туралы бейне, фото және аудиожазбаларды жасырын түрде жүктей алады.

"Қазіргі уақытта прокурорлар дәлелдемелерді жинау мен тіркеуді, сондай-ақ қылмыскерлерді бейнежазбалар бойынша сәйкестендіруді жүргізуде. Сонымен қатар, азаматтарға Call-center-115 нөміріне ұсынылған ақпарат үшін алғыс айтамыз", - деді бас прокуратура өкілі. 

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.