Павлодарда алкогольдік ішімдік ішіп, көлік жүргізген облыстық соттың қызметкері қамауға алынып, 7 жылға жүргізуші куәлігінен айырылды деп жазды turkystan.kz.
Соттың мәліметінше, 31 жастағы әйел 4 ақпанда кешкі сағат 23.35-те Павлодар көшелерінің бірінде мас күйінде ұсталған.
«Полиция қызметкерлері тоқтатқан кезде жүргізушіден алкогольдің иісі шыққан. Тексеру барысында ол 40 минут бұрын 3-4 бокал шарап ішкенін мойындады. Сондай-ақ, алкотестер оның алкоголь ішкенін растады», – деді қалалық әкімшілік құқықбұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотының судьясы Руслан Орымбаев.
Сондай-ақ, сот өкілі екінші рет жүргізілген медициналық тексеруде жүргізушінің қанынан мастық белгілері анықталмағанын атап өтті. Бірақ бұл тексеріс белгіленген ереже бойынша жасалмағандықтан, сот оны есепке алмаған.
Соттың баспасөз қызметі жүргізушінің әкімшілік құқықбұзушылық туралы хаттамамен келіспей, шағымданғанын хабарлады. Нәтижесінде істі қарау кейінге қалдырылды. Бірақ 15 ақпанда сот шағымды қанағаттандырусыз қалдырып, павлодарлық әйелдің кінәсі дәлелденді.
«Сот Павлодар қаласының тұрғынын ҚР ӘҚБтК 608-бабының 1-бөлігінде көзделген құқықбұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танып, оны көлік басқару құқығынан 7 жылға айырып, 15 тәулікке қамауға алу жазасы тағайындалды», – деді Руслан Орумбаев.
Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын Instagram, Telеgram, facebook, twitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.