16.02.2022, 14:20

«Бейжің Олимпиадасынан кейін кадрлық өзгерістер болады» – Дәурен Абаев

Фото: ашық дереккөз
Олимпиада аяқталғаннан кейін Бурабайда үлкен көшпелі кеңес өткіземіз.

Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаевтың айтуынша, Олимпиада ойындарының қорытындысы бойынша кадрлық ауыс-түйістер болады, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Олимпиада аяқталғаннан кейін Бурабайда үлкен көшпелі кеңес өткіземіз. Сонда қысқы ойындардың қорытындыларына сай кадрлық өзгерістер болады, нақты тұжырым жасалады", – деді Абаев "Қазмедиа" орталығында журналистерге. 

Айта кетейік, қазір Бейжіңде Олимпиада болып жатыр. Әзірге Қазақстан атынан барған 34 спортшының бірі де медаль алмады Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.