$ 448.56  478.03  4.79

Сот Bek Air ұшағы апатқа ұшыраған маңдағы үйлерді бұзу жөніндегі талапты қараусыз қалдырды

Басқарма өкілдері Талғар аудандық әкімдігі әуежай маңындағы 14 жер телімін заңсыз қолданысқа бергенін айтқан.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Алматы облысы Талғар аудандық соты Жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасының 2019 жылы Bek Air ұшағы апатқа ұшыраған маңдағы үйлерді бұзу жөніндегі талабын қараусыз қалдырды, деп хабарлайды Stan.kz.

Мұндай талапты Жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасының қойған. Ал жауап беруші Талғар ауданы әкімдігі, Талғар аудандық жер қатынастары бөлімі, Талғар аудандық жер кадастры мен жылжымайтын мүлік филиалы, сонымен қатар жер телімінің иелері. 

Басқарма өкілдері Талғар аудандық әкімдігі әуежай маңындағы 14 жер телімін заңсыз қолданысқа бергенін айтқан.

"Әуежайдан 500 метр аумақта ешқандай ғимарат болмауы керек. Заңда олардың әуежай жұмысына зиян келтіретіні көрсетілген", - деді Алматы облыстық Жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасының басшысы Арман Кәріпбаев. 

Сот дәлел жинау бойынша қосымша жұмыстар жүргізілуі керек екенін алға тартып, талапты қараусыз қалдырды. 

Еске салайық, 2019 жылдың 27 желтоқсанында Bek Air компаниясының ұшағы апатқа ұшыраған еді. Бортта 93 жолаушы мен 5 экипаж мүшесі болған. Апаттан 12 адам қаза тапты.

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары