Орта салмақта өнер көрсететін отандасымыз Қанат Исламның кәсіби рингтегі келесі жекпе-жегінің қашан өтетіні белгілі болды. Ол WBO Global белбеуі үшін бақ сынайды, деп хабарлайды Stan.kz
Ислам 25 ақпанда Флорида штатындағы Плант-Ситиде өтетін бокс кеші аясында рингке оралмақ. Ол ұлыбританиялық Джимми Келлимен (25-2, 10 КО) жұдырықтасады.
Жекпе-жек 10 раундқа жоспарланған. Сонымен қатар WBO Global белбеуі сарапқа салынады.
Бастапқыда жекпе-жек 21 қаңтарда өтеді деп жоспарланған. Алайда коронавирус пандемиясына байланысты 25 ақпанға шегерілді.
Соңғы рет Қанат Ислам 2021 жылдың ақпанында Майамиде жұдырықтасқан. Бұл кезде ол эквадорлық Джейсон Миндуды (14-5-1, 8 КО) жетінші раундта техникалық нокаутпен жеңген еді.
Айта кетейік, бұған дейін Бүкіләлемдік бокс ұйымы чемпиондық атақты қорғамағандықтан Қанат Исламнан WBO International белбеуін қайтарып алған.
Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын Instagram, Telеgram, facebook, twitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.