$ 494.87  520.65  4.91

Қазақстанда коронавирустан емделіп жатқан 126 науқастың жағдайы өте ауыр

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, олардың ішінде 5 684 пациент стационарда, 36 635 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

17 ақпандағы мәлімет бойынша, 42 319 адам коронавирус инфекциясынан (–41 169+ және 1 150 КВИ-) емделіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, олардың ішінде 5 684 пациент стационарда, 36 635 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

• 299 адамның жағдайы ауыр,

• 126 пациенттің жағдайы өте ауыр,

• 97 науқас жасанды тыныс алу аппаратында жатыр.

ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия жариялаған 2022 жылғы 17 ақпандағы жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы бойынша:

«Қызыл» аймақта: Алматы қаласы, Ақмола, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары.

«Сары» аймақта: Нұр-Сұлтан қаласы, Батыс Қазақстан, Қарағанды облыстары.

«Жасыл» аймақта: Шымкент қаласы, Алматы, Ақтөбе, Атырау, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Түркістан облыстары.

Айта кетейік, кеше, 16 ақпанда «сары»аймақта тұрған Алматы мен Шығыс Қазақстан облыстары «жасыл» аймаққа өтті.
 

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары