$ 443.85  474.3  4.8

Қысқы олимпиада: 17 ақпандағы жарыс кестесі

Жарысқа екі конькиші: Екатерина Айдова мен Надежда Морозова шығады.
Фото: ашық дереккөзден
Фото: ашық дереккөзден
2022 жылғы Қысқы олимпиада ойындары бағдарламасының 14-күні Қазақстан тек бір ғана спорт түрінен өнер көрсетеді. Жарысқа екі конькиші: Екатерина Айдова мен Надежда Морозова шығады, деп хабарлайды Zakon.kz

Қазақстандық спортшылар 1000 метр қашықтықта Олимпиада жүлделерін сарапқа салады. Финалдық жарыстар 14:30-да басталады.

Алдымен Ұлттық коньки тебу стадионының мұз айдынына Надежда Морозова шығады. Алтыншы жұпта ол канадалық Мэддисон Перманмен сайысқа түседі.

Одан кейін жарыс алаңына Екатерина Айдова шығады, ол Сочи олимпиадасының вице-чемпионы – ресейлік Ольга Фаткулинамен бәсекеге түседі.

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары