$ 474.72  515.17  5.58

Димаш қысымға ұшыраған мәнерлеп сырғанаушыға қолдау көрсетті

Оны қатты қысымнан кейінгі жеңісімен құттықтаймын.
Фото: ашық дереккөзден
Фото: ашық дереккөзден

Танымал қазақстандық әнші Димаш Құдайберген Бейжіңдегі Олимпиада ойындарында допинг дауына іліккен 15 жастағы ресейлік мәнерлеп сырғанаушы Камила Валиеваға қолдау білдірді деп жазды turkystan.kz.

Құдайберген Instagram парақшасында ресейлік спортшыға арнаған жазба жариялады.

«Достар, мен Қазақстан спортшыларына жанкүйер екеніме қарамастан, көрші елдің талантты спортшысы, қарындасым Камила Валиеваны қолдағым келеді. Оны қатты қысымнан кейінгі жеңісімен құттықтаймын. Қыз небары 15 жаста, бірақ ол сондай төзімділік пен нағыз ерік-жігерін көрсетті. Құрметті ресейліктер, сіздерді мәнерлеп сырғанаудың кішкентай ханшайымының сенімді жеңісімен құттықтаймын!» деп жазды Димаш.

Ресейлік спортшы командалық турнирде қысқы Олимпиаданың чемпионы атанып, допинг дауынан кейін қысқа бағдарламада үздік нәтиже көрсетті.

Еске сала кетсек, бұған дейін Валиеваның ағзасынан тыйым салынған препарат табылған болатын. Кейін CAS ұйымы мәнерлеп сырғанаушыны Бейжің олимпиадасына қатысуға рұқсат беру туралы шешім шығарды.

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары