$ 443.35  475.54  4.82

Белгілі ақын «Дикий Арман» туралы айтты (ВИДЕО)

Есі дұрыс адам Аллах қаласа деп айта бермейді.

Белгілі ақын, қайраткер Светқали Нұржан «Қасқа жол» YouTube арнасына берген сұхбатында «Дикий Арман» атымен танымал Арман Жұмагелдиев туралы ойын айтты деп хабарлады turkystan.kz.

Оның айтуынша, есі дұрыс адам Аллах қаласа деп айта бермейді екен.

«Кешегі Түркиядан келген ербеңбайлар Youtube-та тұр ғой. «Аллах қаласа, біздің достарымыз Алматыда бар. Аллах қаласа, біздің достарымыз Атырауда бар, Ақтауда бар» деген сияқты. Есі дұрыс адам Аллах қаласа деп айта бермейді. Есі дұрыс адам ондай сөз сөйлемейді. Сүйтсе ол «Барамыз біз, барамыз», – дейді. Көзінде жын күліп тұрғанын көріп отырмыз. Барамыз дегені мынаны жасаймыз дегені екен. Менің әнші бұлбұл інім, інім болмасын. Ол өз еркімен Парламенттен кетіп жатыр. Соның бәрінде, астарында жатқан жайттар бар», – деп айтты ақын.

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары