$ 447.4  477.55  4.76

Илья Ильиннің ағасы қамауға алынды

Белгілі спортшы, ауыр атлетикадан бұрынғы Олимпиада чемпионы Илья Ильинның ағасы пара берді деген күдікпен ұсталды.
Фото: ашық дереккөзден
Фото: ашық дереккөзден

Белгілі спортшы, ауыр атлетикадан бұрынғы Олимпиада чемпионы Илья Ильинның ағасы пара берді деген күдікпен ұсталды.

Бұл туралы журналист Михаил Козачков өзінің Telegram-арнасында хабарлады.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Қызылордада өткен жылы 6 миллион теңге алып жатқан жерінде ұсталған қалалық прокуратураның қоғамдық мүддені қорғау бөлімінің бастығы Әлихан Базарбаевтың күрделі шиеленістерін ашуда. Белгілі болғандай, қадағалау органының қызметкері 5 балалар спорт мектебінің жұмысына оң қорытынды беру үшін ақшаны алған. Ал оған ақшаны бес спорт жетекшісі – Иманбек Жұмабаев, Абылайхан Ақбергенов, Серік Сексембаев, Ербол Кикбаев және ауыр атлетикадан бұрынғы Олимпиада чемпионы Илья Ильиннің ағасы Алексей Ильин жинады» деп жазады Михаил Козачков.

Ол жақында бұл іс бойынша үкім жарияланғанын атап өтті. Базарбаев кінәлі деп танылып, пара берушілердің жауапкершілігі туралы мәселе көтерілді.

«16 ақпанда бесеуі де уақытша ұстау изоляторына қамалды. Ертең бұлтартпау шарасын таңдау мәселесі шешіледі» деді ол.

Orda.kz тілшісімен телефон арқылы сөйлескен Ильин Алексей деген ағасы жоқ екенін айтты. «Менде ондай жоқ, сіз қателестіңіз» деді Илья Ильин және телефонды қойды.

Бірақ, Козачков Алексей Ильин Олимпиада чемпионының ағасы екенін дәлелдей алды.

orda.kz

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары