Қазақстанда 2021 жылы 450 652 нәресте өмірге келген, деп хабарлайды Ulysmedia.kz Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап.
Өткен жылы елде 450 652 бала дүниеге келген. Бұл 2020 жылмен салыстырғанда 25 мың сәбиге немесе 5,9 пайызға көп.
2021 жылы 1000 адамға шаққандағы бала туу коэффициенті 23,41 болған. Ал 2020 жылы бұл көрсеткіш 22,40 болған еді.
Айта кетейік, бұған дейін 2020 жылы бала туу бойынша рекордтық көрсеткіш тіркелген болатын. Сол жылы Қазақстанда 425 618 нәресте өмірге келген.
Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын Instagram, Telеgram, facebook, twitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.