Қазақстандық ережесіз жекпе-жек шебері Бағдат Дүйсембаевты Мәскеу орталығында фитнес клубтың күзетшісі атып тастаған. Оқиға 16 ақпанда болған. Спортшыға 6 жерінен оқ тиген, деп хабарлайды Stan.kz.
Басылымның мәліметіне сүйенсек, файтер мен спорт мекемесінің күзетшісі арасында жанжал болған. Қазір құқық қорғау органдары оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.
30 жастағы Дүйсембаев 6 жерден оқ жарақатын алған. Қазір ол жансақтау бөлімінде.
Бағдат Дүйсембаев әуесқойлар арасындағы ережесіз жекпе-жекте өнер көрсетеді. “Қазақ” лақапатымен белгілі болған ол барлығы жеті кездесу өткізіп, оның екеуінде жеңіске жеткен.