18.02.2022, 01:30

«Жаңа Қазақстанға қол жеткізу үшін әрбір азамат өз саласында сапалы еңбек етуге тиіс» – Сенат төрағасы

total.kz
Сенат басшысының мәлімдеуінше, қазір еліміздің тәуелсіздігі мен мемлекеттілігін сақтап, әрі қарай нығайту – ең басты міндет.

Жаңа Қазақстан – жаңа міндет, ортақ мұрат. Оған қол жеткізу үшін әрбір азамат өз саласында сапалы еңбек етуге тиіс. Аталған пікірді ҚР Парламенті Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев алға тартты, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

«Сұхбатта қоғамға маңызды идеологиялық месседждер де назардан тыс қалған жоқ. Біз бүгінде Жаңа Қазақстанды құрамыз деген жоспардың аясына топтастық. Әрине, бұл жоспар өздігінен жүзеге аспайтыны түсінікті. Жаңа Қазақстанның қозғаушы күші – біздің азаматтарымыз, олардың Отанға деген адалдығы, еңбекқорлығы мен біліктілігі. Жаңа Қазақстан – жаңа міндет, ортақ мұрат. Оған қол жеткізу үшін әрбір азамат өз саласында сапалы еңбек етуге тиіс», - деп жазды Мәулен Әшімбаев Facebook парақшасында.

Сенат басшысының мәлімдеуінше, қазір еліміздің тәуелсіздігі мен мемлекеттілігін сақтап, әрі қарай нығайту – ең басты міндет.

«Президентіміз айтқандай, қазақстандықтардың Қазақстаннан басқа Отаны жоқ. Осы ортақ Отанымызды одан әрі дамыту және жаңарту жолында баршамыздың жұдырықтай жұмылып әрекет етуіміз аса маңызды», - дейді ол. Сондай-ақ, М. Әшімбаев жаңа Қазақстанды ел болып, бірге құруға шақырды.

«Құрметті достар, сондықтан елдің береке-бірлігін сақтап, сабырлық пен жауапкершілікке табан тіреп, байсалдылық танытып, бар мәселені байыппен шешуге күш жұмсауымыз қажет. Осы жолда бәріміз Президентіміздің саясатын қолдап, Жаңа Қазақстанды құруға белсенді атсалысайық», - деді Сенат төрағасы.

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.