18.02.2022, 18:20

Лай су көлге құйылып жатыр: Rixos Aktau тексеріледі

Фото: ашық дереккөз
Осыған дейін ақтаулық блогер Азамат Сәрсенбаев қыста қызғылт қоқиқаздар ұшып келетін Қаракөл көліне лай су қалай құйылып жатқанын түсіріп алған.

Бес жұлдызды Rixos Aktau қонақүйі Қаракөл көліне лай су құйылып жатыр деген даулы видеодан кейін жоспардан тыс тексерілмек. Бұл туралы Маңғыстау облысының экология департаменті мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Осыған дейін ақтаулық блогер Азамат Сәрсенбаев қыста қызғылт қоқиқаздар ұшып келетін Қаракөл көліне лай су қалай құйылып жатқанын түсіріп алған. Ол жақын маңдағы демалыс орталықтары мен қонақүйлер, соның ішінде бес жұлдызды Rixosта пайдаланған суын көлге құйып жатқанын айтты.

"Rixos қонақүйін жоспардан тыс тексеру басталды. Біз судың барлық ингредиенттеріне, белгіленген норматив қалай сақталатынына талдау жасадық. Объективтілік үшін комиссияға қоғамдық ұйымдар мен үш уәкілетті органның мамандарын енгіздік: бұл балық инспекциясы, орман-аңшылық шаруашылығы және су инспекциясы", - деді Маңғыстау облысы бойынша экология департаментінің басшысы Руслан Төкенов.

Сонымен қатар, Түкеновтың мәліметінше, олар Қаракөл көлінің маңында орналасқан басқа да демалыс базаларын тексереді.

"Екінші тексерілетін "Сая" демалыс базасы. Бұл демалыс орнынан көлге қарай ағатын жерасты суы, емдік мақсатта пайдаланатын радон суы екенін анықтадық. Қазір біз оның қаншалықты заңды немесе заңсыз екенін талдаймыз. Жақын арада жоспардан тыс тексеріп, тиісті шаралар қабылдаймыз. Қаракөлге ағынды суларды ағызудың басқа дерегі жоқ", - деді Маңғыстау облысы бойынша экология департаментінің басшысы.

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.