19.02.2022, 11:30

Жамбыл облысында жарылғыш бөтелке таратқан күдікті ұсталды (ВИДЕО)

ҚР Қылмыстық кодексінің 255-бабының 4-бөлігі (терроризм актісі) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Жамбыл облысында ішінде жанғыш сұйықтығы бар бөтелке  таратқан күдікті ұсталды, деп хабарлады облыстық полиция департаментінің  баспасөз қызметі.

«Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полицейлер Алматы облысының бұрын сотталған 44 жастағы тұрғынын анықтап, ұстады. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды, тергеу жүріп жатыр», -  делінген сенбі күні тараған хабарламада.

ҚР Қылмыстық кодексінің 255-бабының 4-бөлігі (терроризм актісі) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

«6 қаңтарға қараған түні сағат 20:00 шамасында Тараз қаласындағы Қазыбек би көшесінің бойында сұр түсті Mitsubishi Diamante көлігі тоқтап тұрған. Көлікте келе жатқан адамдар одан мемлекеттік тіркеу нөмірін алып, жүк салғышқа салған. Бұл көліктің жүргізушісі тұтанғыш қоспасы бар бес литрлік ыдысты әкеліп, ұлымен бірге шыны бөтелкелерге құйып, наразылық білдірушілерге таратқан», -  делінген хабарламада.

              orda.kz

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.