Қырықтан астам ақтөбелік зейнеткер жергілікті органдардың көзіне түсті. Олардың барлығы бірнеше жыл бойы Қазақстан тарапынан да, Ресей тарапынан да алып келген. Енді олар миллиондаған қаржыны қайтарулары керек, деп хабарлады turkystan.kz.
Қос зейнетақы туралы дерек бір жыл бұрын белгілі болған. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының өкілдері Ресейдің зейнетақы қорына хабарласып, көршілес елден де зейнетақы алған қазақстандықтар туралы ақпарат сұраған. Тексеріс кезінде 46 ақтөбеліктің екі елден де зейнетақы алып жүргені анықталған.
«Бұл адамдармен 2020 жылдан бері артық қаражатты қайтару бойынша жұмыстар жүріп жатыр. 46 адамның алтауы соталды тәртіп бойынша зейнетақыны қайтаруға өз еркімен келісті», – дейді Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Нұрлан Мәжитов.
Мамандардың сөзінше, зейнетақы заң бойынша тұрғылықты мекенжайы бойынша ғана төленуі керек. Басқа елге көшкен жағдайда қазақстандықтар қажет органға хабарласып, сол кезде төлемді тоқтулары тиіс. Тексеріс кезінде анықталған адамдардың көбі оны істемегені белгілі болды. Кейбірі біраз уақыттан кейін еліне оралған, бірақ ресейлік органдарға елден шығып кеткенін хабарлауды «ұмытып» кеткен.
«Алдымен Ресейде зейнетке шығып алады. Егер көрші елде зейнет жасы – 60 болса, Қазақстанда ер адамдар үшін 63 жас. Олар Ресейдің зейнетақы қорына барып, зейнетке шығып алады. Артынша Қазақстанға оралып, үш жылдан кейін жергілікті заң бойынша тағы зейнетке шығады. Бірақ зейнеткер екенін жасырып қалған», – дейді Нұрлан Мәжитов.
Енді зейнеткерлер бірнеше жыл бойы алып келген қаражатты бюджетке қайтарулары керек. Бірақ кейбір құқыққорғаушылардың сөзінше, шенеуніктердің бұл әрекеті заңсыз.
«Қазақстан ЕАЭО елдерінің еңбекшілерін зейнетақымен қамтамасыз ету туралы келісімді ратификациялады. 6-баптың 1-тармағында келісімге қатысушы мүшелердің әрбір азаматы осы мемлекеттерден 2, 3, 4 зейнетақы ала алады делінген. Ал біздің сот осы халықаралық келісімнің қолданысына назар аудармайды. Олар Қазақстанда базалық зейнетақыны төлеу ережелеріне сілтеме жасайды. Осы тармақта 64-тармақ, 2-тармақша бойынша бізде шетелдік азаматтар зейнетақы алуға құқылы», – дейді адвокат Иван Хан.
Қос зейнетақыны алып жүргендер туралы ақпарат көші-қон полициясына да жеткен. Олардың көбінде қос азаматтық бары анықталған. Заңгерлердің айтуынша, ол үшін зейнеткерлер айыппұл төлейді, қазақстандық паспорттан айырылып, елден шығарылады. Әрине, ресейлік азаматтықтан бас тартып, төлемді қалыпқа келтіруге болады. Бірақ бұған көп уақыт қажет.
Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын Instagram, Telеgram, facebook, twitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.