Шухрат Данбай және басқа да аты аталмайтын тұлғалар зауыттың қажеттіліктері үшін жабдық сатып алуға бөлінген қаражатты ұрлады деп күдікке ілінді, деп хабарлайды ulysmedia.kz.
Қаржылық бақылау агенттігінің мәліметінше, тергеу мүддесі тұрғысында оны ұстау себептеріне қатысты егжей-тегжейлі мәлімет жарияланбайды.
Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Шухрат Данбай Атырау МӨЗ директоры қызметін 2019 жылдың ақпанынан 2021 жылдың шілдесіне дейін атқарды.
Ол түрлі жылдары «Гелиос» ЖШС Бас директоры, Павлодар МХЗ директорының экономика және қаржы жөніндегі орынбасары, «ҚазМұнайГаз» компаниясының мұнай-химия және мұнай өңдеу блогының атқарушы директоры лауазымдарында жұмыс істеген.
Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын Instagram, Telеgram, facebook, twitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.