$ 441.88 € 503.61 ₽ 5.24

Бразилиядағы су тасқынынан 150-ден астам адам қаза тапты

Қаза тапқандар арасында кәмелетке толмаған 27 бала бар.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Бразилия президенті Жаир Болсонаро зардап шеккендерге, сондай-ақ қала билігіне қолайсыз ауа райының салдарын жоюға, оның ішінде әскерилерді тарта отырып, көмек көрсетуді тапсырды.

Бразилияның Петрополис қаласында толассыз жауған жаңбырдан қаза тапқандар саны 152-ге жетті, қаза тапқандар арасында кәмелетке толмаған 27 бала бар, деп хабарлайды «Известия».

Соңғы мәліметтер бойынша 165 тұрғын із-түзсіз жоғалғандар тізімінде, тағы 967-сі баспанасынан айрылған.

Іздеу операциясы барысында 500 құтқарушы, 200 полиция қызметкері, сондай-ақ әскерилер мен еріктілер жұмыс істейді.

Бразилия президенті Жаир Болсонаро зардап шеккендерге, сондай-ақ қала билігіне қолайсыз ауа-райының салдарын жоюға, оның ішінде әскерилерді тарта отырып, көмек көрсетуді тапсырды. Ол бұл үшін шамамен 430 миллион доллар бөлуге уәде берді.

Рио-де-Жанейро губернаторы Клаудио Кастро бұл 1932 жылдан бергі ең қатты жаңбыр болғанын айтты. Ол бұл трагедияны «тарихи» деп атады.

Петрополисте барлығы 170-тен астам көшкін тіркелді, 80 тұрғын үй зақымданған немесе қираған.

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын Instagram, Telеgram, facebook, twitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0