Қазақстандық спортшылардың 2022 жылғы Олимпиадада қанша табыс тапқаны есептелді. Қазақстандық спортшылар 2022 жылғы Олимпиада ойындарында жүлделі орындарға ие бола алмады. Сондай-ақ құрама аралас эстафетада бесінші орынға ие болды. Олимпиадаға Әжғалиевтен бөлек, Денис Никиша, Әділ Ғалиахметов, Ольга Тихонова және Яна Хан қатысты.
Vesti.kz мәліметіне сәйкес, Бейжіңге барған ұлттық құраманың ту ұстаушысы Әжғалиев мемлекет бюджетінен 40 000 доллар (17,1 миллион теңге), ал қалған шорт-трекшілер 10 000 доллардан (4,1 миллион теңге) сыйақы алады.
Олимпиадада біріншіден алтыншы орынға дейінгі орындар үшін осындай қаржы спортшылардың жаттықтырушыларына да төленеді, Командалық спорт түрлері бойынша табысты өнер көрсеткені үшін команданың үш жаттықтырушысы бірдей мөлшерде сыйлықақы алады.
2022 жылғы Олимпиада қорытындысы бойынша Қазақстан спортшылар мен жаттықтырушыларына жалпы сомасы 140 мың доллар (60 миллион теңгеге жуық) төлейтін болды. Қаражат республикалық бюджеттен аударылады.
Жазғы және қысқы Олимпиада жеңімпаздарына төленетін төлемдер Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 желтоқсандағы № 1435 қаулысымен реттеледі.
Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын Instagram, Telеgram, facebook, twitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.