Ақтөбеде балаларға лық толы автобуста өрт шықты. Оқиға 18 ақпанда автобус мектепке бара жатқанда болды, деп хабарлады жергілікті Диапазон басылымы.
Абырой болғанда жүргізуші балаларды далаға шығарып үлгерген. Басылым мәліметінше, ата-аналар автобустың жиі істен шығатынын айтып, бірнеше рет шағымданған. Соңғы төрт жылда автобус жиі бұзылып, үнемі жөндеуде тұратын, дейді ата-аналар.
Қалалық білім бөлімі оқиғаны растады. Айтуларынша, автобус жуық арада ауыстырылады. Білім бөлімі оқиғаның мән-жайын кейінірек хабарлауға уәде берді.