21.02.2022, 14:40

Ақтөбеде оқушылар мінген автобус өртенді

Фото: ашық дереккөз
Жүргізуші балаларды далаға шығарып үлгерген.

Ақтөбеде балаларға лық толы автобуста өрт шықты. Оқиға 18 ақпанда автобус мектепке бара жатқанда болды, деп хабарлады жергілікті Диапазон басылымы.

Абырой болғанда жүргізуші балаларды далаға шығарып үлгерген. Басылым мәліметінше, ата-аналар автобустың жиі істен шығатынын айтып, бірнеше рет шағымданған. Соңғы төрт жылда автобус жиі бұзылып, үнемі жөндеуде тұратын, дейді ата-аналар.

Қалалық білім бөлімі оқиғаны растады. Айтуларынша, автобус жуық арада ауыстырылады. Білім бөлімі оқиғаның мән-жайын кейінірек хабарлауға уәде берді.