$ 494.87  520.65  4.91

«Қар, боран, аяз»: алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Республика бойынша тұман және көктайғақ күтіледі.

«Қазгидромет» алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын жариялады. Болжамға сәйкес, алдағы үш тәулікте Қазақстан аумағының оңтүстік жартысы әлі де ауқымды антициклонның ықпалында болады, онымен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.

«Елдің солтүстік жартысына фронтальді бөлімдер әсер етеді — қар жауады, боран соғады, жел 15-23 м/с дейін күшейеді, республика бойынша тұман және көктайғақ күтіледі.

Еліміздің солтүстігі мен орталығында түнде 5-20 градус аяз, шығысында 10-29 градус аяз, оңтүстігінде 5 аяздан 5 градусқа дейін жылу, батысында 0-10 градус аяз болады», - делінген «Қазгидромет» хабарламасында.

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары