22.02.2022, 10:20

«Самұрық-Қазынада» кадрлық ауыс-түйіс болды

sputnik.kz
Бұған дейін Қазақстан президенті "Самұрық-Қазына" қорының басшысы Алмассадам Сәтқалиевтен қордың құрылымы мен қағидаттарын түбегейлі реформалауды талап еткен болатын.

"Самұрық-Қазына" АҚ-да төрт басқарушы директордың кандидатурасы бекітілді.

Президенттің жастар кадр резервінде тұрған тұлғалар "Самұрық-Қазына" АҚ басшылығындағы 4 лауазымның 3-уіне тағайындалды.

"Самұрық-Қазына" АҚ даму және жекешелендіру жөніндегі басқарушы директоры лауазымына Ернар Жанәділ тағайындалды.

Ернар Бейсенұлы ең алдымен "ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ мен "Air Astana" АҚ "Самұрық-Қазына" АҚ меншігіндегі үлесін жекешелендіру бағдарламасын іске асыруға жауапты болады. Жуық арада бұл активтерді Қазақстан халқына қолжетімді болатын ІРО-ға шығару көзделіп отыр. Бұдан бөлек, Ернар Жанәділге елімізге инвестициялар тартуды жалғастыру міндеті қойылды.

Осы уақытқа дейін Ернар Бейсенұлы қордың инвестициялар, жекешелендіру және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі басқарушы директоры қызметін атқарған. 2018 жылы Ернар Бейсенұлы "Қазатомөнеркәсіп" ҰАК" АҚ қор нарығында ІРО және SPO сәтті орналастыруына белсенді түрде қатысқан. 2021 жылы ол қордың компаниялар тобының бірқатар профильдік емес активтерден тиімді шығуын қамтамасыз еткен.

"Самұрық-Қазына" АҚ-дағы қызметіне дейін Ернар Жанәділ "PricewaterhouseCoopers LLP" АҚ-да еңбек еткен. Бухгалтерлік есеп және қаржы саласында магистр дәрежесіне ие (Манчестер университеті, Ұлыбритания). Президенттің жастар кадр резервінің мүшесі.

"Самұрық-Қазына" АҚ активтерді басқару және стратегия жөніндегі басқарушы директоры лауазымына Ернат Бердіғұлов тағайындалды.

Ернат Құдайбергенұлының алдында қойылған негізгі міндеттер – қордың ұзақмерзімді даму стратегиясын әзірлеп, оны жүзеге асыру, активтерді тиімді басқарып, басымдыққа ие инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру. Тұрақты дамуды қамтамасыз ету, ESG-қағидаттарын енгізу және еншілес компаниялардың қызметіне корпоративтік басқарудың ең озық тәжірибелерін енгізу арқылы инвестициялық тартымдылығын арттырып, ұзақ мерзімді өзіндік құнын ұлғайтуға мүмкіндік береді.

Бұған дейін Ернат Бердіғұлов қордың стратегия, тұрақты даму және цифрлық трансформация жөніндегі тең-басқарушы директоры қызметін атқарған.

Бердіғұлов басқарушы лауазымдарда он жылдан астам еңбек тәжірибесі бар, соның ішінде халықаралық консалтингтік компанияда істеген. Іскерлік әкімшілендіру саласында магистр дәрежесіне (МВА, University of Warwick, Ұлыбритания), "Болашақ" бағдарламасы бойынша юакалавр дәрежесіне ие (University of Toronto, Канада). Президенттің жастар кадр резервінің мүшесі.

"Самұрық-Қазына" АҚ қоғаммен байланыс және өзгерістерді басқару жөніндегі басқарушы директоры лауазымына Ғибрат Ауғанов тағайындалды. Ғибрат Қайратұлының қарамағына үш департамент өтеді: әлеуметтік-еңбек қатынастары және адам ресурстарын басқару департаменті, өзгерістерді басқару департаменті және қоғаммен байланыс департаменті.

Қойылған міндеттерге сәйкес, жаңа, ашық әрі әділ кадр саясатын енгізу, инклюзивтік және ашықтың қағидаттарын енгізу көзделіп отыр. Бұдан бөлек, цифрландыру аясында өндірістік және басқарушылық үрдістерді ІТ-технологиялар мен үлкен мәліметтерді талдау негізінде қайта құрылымдау қажет болады.

Қордың қоғаммен қарым-қатынастарын қайта жаңғырту шеңберінде кәсіби БАҚ қоғамдастығын компания қызметі туралы ақпараттандыру міндеті қойылып отыр.

Осы уақытқа дейін Ғибрат Қайратұлы "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ адам ресурстарын басқару департаменті директоры қызметін атқарған.

Біраз жыл мұнайгаз секторындағы ірі компанияларда әлеуметтік-еңбек қатынастары саласында еңбек еткен. Солардың ішінде "ҚазМұнайГаз" Барлау Өндіру" АҚ, "ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ, "ҚазГерМұнай" БК", "Ембімұнайгаз", "Қаражанбасмұнай" компанияларындағы тәжірибесі бар. Президенттің жастар кадр резервінің мүшесі.

"Самұрық-Қазына" АҚ құқықтық сүйемелдеу, қамтамасыз ету және тәуекелдер жөніндегі басқарушы директоры лауазымына Николай Казутин тағайындалды.

Құқықтық сала мәселелерімен қатар Николай Юрьевич отандық тауар өндірушілерді шағын және орта бизнес субъектілерін қолдау үшін қордың сатып алулар үдерісін барынша жариялы ету мақсатында қолданыстағы сатып алулар жөніндегі корпоративтік құжаттардың өзгертілуіне жауапты болады. Сонымен қатар, қорда іске асырылып жатқан реформалардың құқықтық сүйемелдеуі және халықаралық арбитраждарда қор мүдделерін тиімді қорғау міндеті қойылып отыр.

Николай Юрьевич ұзақ жылдар бойы құқықтық, консультативтік және қаржы құрылымдарында еңбек еткен. Соның ішінде "Аманат Иншуранс" Өнеркәсіптік Сақтандыру Тобында, PriceWaterhouseCoopers Tax & Advisory, Asia Waters Company, Шығыс Қазақстандық өңірлік энергетикалық компания және т.б. бар.

Сонымен қатар екі департаменттің директорлары тағайындалды. "Самұрық-Қазына" АҚ инвестициялар департаментінің директоры лауазымына Сәбиғат Рахметов тағайындалды. Бұған дейін ол "Самұрық-Қазына" АҚ инвестициялар епартаментінің жобаларды құрылымдау секторының басшысы қызметін атқарған. Қаржы құрылымдарында еңбек өтілі бар.

Қоғаммен байланыс департаментінің директоры лауазымына Дамир Егізбаев тағайындалды. Бұған дейін Дамир Нұрлыбекұлы ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз хатшысы және ҰЭМ "Қазақстандық МЖӘ орталығы" АҚ коммуникациялар жөніндегі директоры қызметін атқарған. Кәсіби журналист, "Хабар" агенттігі, "Qazaqstan"телерадиокорпорациясы, "Алматы" телеарнасы және басқа да БАҚ-тарда еңбек еткен.

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.